Әдістемелік педагогикалық кеңес — жаңа оқу жылының бастауы!
31.08.2026
2026 жылғы 31 тамызда Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайыңда 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған педагогикалық кеңес өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы — «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2026–2027 оқу жылында нұсқаулық-әдістемелік хаттың талаптарына сәйкес тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру».
Педагогикалық кеңес барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындысы шығарылып, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша алдағы міндеттер айқындалды;
педагогтерге жаңа оқу жылындағы тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары таныстырылды;
«Адал азамат» бағдарламасын және «Заң және тәртіп» идеологемасының қағидаттарын іске асыруға ерекше назар аударылды. Балалардың бойында адалдық, жауапкершілік, қоршаған ортаға құрметпен қарау және ережелерді сақтау дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды;
2026–2027 оқу жылына арналған негізгі ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттар бекітілді;
әдістемелік жұмыстың және педагогтердің кәсіби ынтымақтастығының басым бағыттары белгіленді.
Педагогикалық кеңес — бұл тек өткен жұмысты қорытындылап, жоспарларды бекіту ғана емес. Бұл — күш-жігерімізді біріктіріп, ортақ мақсаттарды айқындап, жаңа оқу жылына бірлесіп қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды кездесу.
Жаңа 2026–2027 оқу жылы барша педагогтерге жаңа идеялар, кәсіби жетістіктер, шығармашылық ізденістер мен тәрбиеленушілеріміздің жарқын жетістіктерін әкелсін!