ЗОЖ «Дені сау бүлдіршіндер»
25.08.2026
Біздің «Айналайын» кіші тобымызда «Дені сау бүлдіршіндер» атты денсаулық күні өтті!
Балаларды ерте жастан бастап өз денсаулығына қамқорлық жасауға үйретеміз. Ойын арқылы бүлдіршіндер қарапайым әрі маңызды ережелерді бекітті: қолды жуу, тазалық сақтау, дұрыс тамақтану, көбірек қимылдау және таза ауада уақыт өткізу.
Балалар көңілді жаттығулар жасап, қимылды ойындарға қатысып, қарапайым дене жаттығуларын үлкен қызығушылықпен орындады. Ойын арқылы балалар белсенді болуды, мұқияттылықты және өз денсаулығына қамқорлық жасауды үйренді.
Әр күндері қимыл-қозғалысқа, күлкіге, көтеріңкі көңіл күйге және мықты денсаулыққа толы болсын!
Дені сау бала – бақытты бала!
«Айналайын» кіші тобы