Балабақшамызда балалардың жазғы көңіл-күйін көтеріп, шығармашылығын қолдау мақсатында «Панамалар шеруі» атты қызықты іс-шара ұйымдастырылды.

21.08.2026

Шара барысында бүлдіршіндер түрлі-түсті, ерекше безендірілген панамаларын киіп, өздерінің сәнді образдарын ортаға салды. Балалардың әсем панамалары, көтеріңкі көңіл-күйлері мен балғын күлкілері мерекеге ерекше сән берді.
Кішкентай сәнқойлар өз панамаларын мақтанышпен көрсетіп, көңілді ойындарға, қызықты сайыстарға және би-билеп, ән айтуға белсене қатысты. Әр баланың шығармашылығы мен қиялы ерекше байқалды.
«Панамалар шеруі» балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың қиялын дамытып, еркін шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік берді.
Жаздың жарқын күндері балалық шақтың тәтті естеліктеріне айналсын!
Балабақшамыздың бүлдіршіндеріне әрдайым көтеріңкі көңіл-күй, шат күлкі және бақытты балалық шақ тілейміз!

Просмотров: 92


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст