20 тамыз 2026 жылы «Қарлығаш» бөбекжайында Атбасар ауданы педагогтерінің тамыз кеңесі аясында пәндік секция жұмысы өтті.

20.08.2026

Секция барысында «Алтын бесік» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі Кеслер Ольга Леонидовна «Мектеп жасына дейінгі балалардың қаржылық сауаттылығы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Өз сөзінде Ольга Леонидовна мектеп жасына дейінгі балалардың қаржылық сауаттылығының негіздерін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде жобалық қызметті қолдану тәжірибесін таныстырды. Балалардың бастапқы экономикалық түсініктерін қалыптастыруға бағытталған танымдық, ойын және практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Педагогтердің тамыз кеңесіне қатысуы тиімді педагогикалық тәжірибені таратуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және мектепке дейінгі білім беру саласына заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

Просмотров: 100


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст