Облыстық тамыз педагогикалық конференциясына қатысу
20.08.2026
2026 жылғы 19 тамызда Көкшетау қаласында инклюзивті және арнайы білім берудің өзекті мәселелеріне арналған облыстық тамыз педагогикалық конференциясы өтті.
Әдістемелік интенсив аясында Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжай-бақшасының логопеді Тополевая Наталья Николаевна тәжірибелік кейс ұсынды:
«Балабақша мен отбасы арасындағы тиімді серіктестік: ата-аналардың алаңдаушылығын төмендету және оларды абилитациялық үдеріске тарту алгоритмдері».
Өз баяндамасында Наталья Николаевна ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуы мен қолдауына қолайлы жағдай жасауға бағытталған педагогтер, мамандар және ата-аналар арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.
Отбасы мен педагогтердің ынтымақтастығы — табысты инклюзияның маңызды құрамдас бөлігі!