«Зерек бала» ересек тобында «Денсаулық еліне саяхат» тақырыбында көңілді жазғы ойын-сауық ұйымдастырылды.
Балалар денсаулық станциялары бойынша қызықты саяхатқа аттанды: «Тазалық әлемі», «Дәрумендер елі» және «Спорттық» станциялары.
Әр аялдамада балаларды қызықты тапсырмалар, ойындар мен көңілді эстафеталар күтті. Тәрбиеленушілер жеке бас гигиенасының ережелерін еске түсіріп, пайдалы тағамдар туралы жұмбақтар шешіп, спорттық жаттығулар орындап, ептілік пен жылдамдықтарын сынады.
Іс-шара көңілді, танымды әрі белсенді түрде өтті. Балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, денсаулықты кішкентай кезден бастап сақтау керектігіне тағы бір көз жеткізді.