Ойын-сауық іс-шарасы: «Тәтті жаздың қызықтары»

13.08.2026

Балабақшамызда тәрбиеленушілерге арналған «Тәтті жаздың қызықтары» атты ойын-сауық іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Мерекенің ерекше қонағы – Жаз ханшайымы келіп, балаларды шаттыққа бөлеп, қызықты ойындар мен көңілді эстафеталарға шақырды. Балалар Жаз ханшайымымен бірге ән айтып, би билеп, түрлі тапсырмалар орындап, жаз мезгілінің қызығын сезінді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және жазғы демалысты көңілді әрі мазмұнды ұйымдастыру.
Мереке соңында бүлдіршіндер тәтті сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Жарқын жүздер мен шат күлкіге толы бұл күн балалар үшін ерекше есте қалатын мерекеге айналды.

Просмотров: 45


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст