«Ақ бұлақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілерімен «Қай жануар немен қоректенеді?» атты қызықты әрі танымдық ойын өткіздік.
12.08.2026
Ойын барысында балалар әр жануардың немен қоректенетінін ажыратып, тағамдарды сәйкес жануарларға орналастырды. Балалардың ойлау қабілеті, зейіні мен есте сақтау қабілеттері дамып, жануарларға деген қызығушылықтары артты.