«Түрлі-түсті аптаның» үшінші күні — сары түс!
12.08.2026
Бүгін "Қарлығаш " тобында көңілді әрі шуақты сары түске арналған күн өтті. Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл-күй, белсенді қозғалыс және көптеген жағымды әсер сыйлады!
Балалар үшін қызықты спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Балалар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, зейінін көрсетіп, командалық ойындарға белсенді қатысты. Олар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, бір-біріне қолдау көрсетіп, өз жетістіктеріне қуанды.
Ал соңында көңілді әуенмен қызықты флешмоб ұйымдастырылды! Балалар музыка ырғағымен билеп, көңіл көтеріп, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Күніміз белсенді, көңілді әрі жарқын өтті! Балалар өте риза болып, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді!