Кіші «Қуаныш» тобында бейімделу кезеңі
11.08.2026
Кіші «Қуаныш» тобының бүлдіршіндері балабақшадағы алғашқы күндерін өткізуде.
Бала үшін балабақшаға алғаш келу – үлкен өзгеріс. Жаңа ортаға, тәрбиешіге, достарына және күн тәртібіне біртіндеп бейімделу үшін балаларға мейірім, жылулық және қолдау көрсетілуде.
Бейімделу кезеңінде балалармен түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, ән айтып, қимылды жаттығулар жасап, жағымды көңіл күй қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Әр баланың жеке ерекшелігі ескеріліп, балабақшада өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне жағдай жасалуда.
Күн өткен сайын бүлдіршіндеріміз жаңа ортаға үйреніп, тәрбиешісімен қарым-қатынас орнатып, өз достарын тауып келеді.