«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Түрлі түсті апта»

10.08.2026

Бүгін біздің тобымызда балалардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, түстер туралы түсініктерін кеңейтуге және қоршаған ортаны тануға бағытталған «Түрлі түсті апта» атты тақырыптық апталық басталды.
Апталықтың алғашқы күні жасыл түске арналды. Тәрбиеленушілер жасыл түсті киім киіп келіп, күн тақырыбын қолдады және балабақшада ерекше көңілді әрі үйлесімді орта қалыптастырды.
Күн барысында «Жасыл білезік» атты шығармашылық іс-әрекет ұйымдастырылды. Балалар табиғи материал – жасыл жапырақтарды пайдалана отырып, олардың пішініне, түсіне назар аударды және өз қолдарымен ерекше білезіктер жасады.
Мұндай тақырыптық күндерді ұйымдастыру тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылығын, қиялын, ұсақ моторикасын және шығармашылық белсенділігін дамытуға, сондай-ақ табиғатқа деген қамқор қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Түрлі түсті апта» жалғасуда! Алда тәрбиеленушілерді жаңа қызықты іс-шаралар, шығармашылық тапсырмалар мен жарқын әсерлер күтеді.
Мектепалды топ "Қарлығаш "

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст