Ұйымдар тізімі
07.08.2026
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында «Балаларды жақсы көретін ата-аналар» клубының жоспарына сәйкес мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобында «Жақсы істер – күн сайын» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – балалардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық, заңға бағыну мәдениеті мен қоғамдық тәртіпті сақтауға деген оң көзқарасты қалыптастыру. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге күн сайын жасаған игі істерін көрсетті: үлкендерге көмектесті, айналаны таза ұстады, достарына қамқорлық танытты, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар балалардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, отбасындағы тәрбиені қолдауға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаларын құрметтеуге ықпал етеді.
