Мектепалды даярлықтағы «Інжу» тобында балалар гүлдерден құралған тірі табиғат бұрышына үлкен қызығушылықпен күтім жасайды.

07.08.2026

 Күн сайын тәрбиеленушілер тәрбиешімен бірге өсімдіктерді суарып, топырағын ұқыптап қопсытады, жапырақтарының шаңын сүртіп, қураған жапырақтарын алып тастайды. Күтім жасау барысында балалар гүлдердің өсуін бақылап, жаңа жапырақтар мен гүл бүршіктерінің пайда болғанын байқайды. Олар әрбір өсімдікке қамқорлық, көңіл бөлу және дер кезінде күтім қажет екенін түсінеді.

Осындай іс-әрекет балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, тіршілік атаулыға ұқыпты қарауын, жауапкершілігі мен еңбекқорлығын тәрбиелейді. Балалар өздерінің жасыл достарына қуана қамқорлық жасап, өз еңбектерінің арқасында тірі табиғат бұрышының бұрынғыдан да әсем әрі жайлы бола түскенін мақтан тұтады.

Просмотров: 194


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст