«Зерек бала» ересек тобы тәрбиеленушілері кітап ауласына барды

06.08.2026

 Балалар түрлі-түсті, әсем безендірілген кітаптарды үлкен қызығушылықпен тамашалап, балаларға арналған шығармалармен және олардың суреттерімен танысты. Сапар барысында балалар кітапқа ұқыпты қараудың маңызын білді, кітапты пайдалану ережелерін еске түсіріп, өздерінің сүйікті ертегілері туралы әсерлерімен қуана бөлісті. Кітап ауласына жасалған экскурсия балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге және кітапқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге ықпал етті.

Просмотров: 220


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст