Ұйымдар тізімі
31.07.2026
«Болашақ» және «Қарлығаш» мектепалды топтарындағы көбікті кеш «Болашақ» және «Қарлығаш» мектепалды топтарында балаларға арналған көңілді «Көбікті кеш» ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Мереке «Шарды құтқар» атты қызықты эстафетамен басталды. Балалар ептіліктері мен шапшаңдықтарын танытып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті. Одан кейін бүлдіршіндер асыға күткен мерекенің ең әсерлі сәті – үлпілдек көбік арасындағы ойындар мен көңілді билерге ұласты. Бұл қызықты сәттер балаларға шаттыққа толы көңіл күй, күлкі мен ерекше әсер сыйлады. Іс-шара соңында ұйымдастырылған «Көбік жолы» аттракционы бүлдіршіндерді ерекше қуанышқа бөлеп, ұмытылмас әсер қалдырды. «Көбікті кеш» балаларға көтеріңкі көңіл күй, сергектік пен қуаныш сыйлап, жаздың тағы бір күнін жарқын да есте қаларлықтай мерекеге айналдырды!
