Текст
Ұйымдар тізімі
30.07.2026
«Зерек бала» ересек тобында «Заң және тәртіп» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Іс-шара барысында тәрбиеші балалармен балабақшада, үйде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы танымдық әңгіме жүргізді. Балалар белгіленген ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсініп, түрлі жағдаяттарды талқылауға белсенді қатысты, жақсы және жаман әрекеттерді ажырата білуге үйренді. Іс-шара балалардың заң, тәртіп, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау және айналасындағыларға құрметпен қарау туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті.
