Текст
Ұйымдар тізімі
29.07.2026
Бүгін «Жұлдыз» ортаңғы тобында «Қарбыз» тақырыбында жапсыру және сурет салу бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Балалар шырынды жазғы жемістің ерекшеліктерімен қызығушылықпен танысып, оның пішінін, түсін және құрылысын зерттеді. Жапсыру барысында бүлдіршіндер қарбыздың бейнесін құрастырып, бөлшектерін ұқыптылықпен жапсырды, кейін жұмыстарын сурет салу арқылы толықтырды. Іс-әрекет барысында балалар ұсақ қол моторикасын, шығармашылық қиялын, түстерді үйлестіре білу қабілетін дамытып, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыланды. Барлық жұмыстар жарқын, әсем әрі нағыз жаздың көңіл күйін бейнелейтіндей болып шықты. Ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз қолымен жасаған шығармашылық жұмыстарына қуаныш сезімін сыйлады.
