Жолда жүру ережелері

22.07.2026

Бүгін «Жұлдыз» ортаңғы тобында жол қозғалысы ережелеріне арналған танымдық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.  Тәрбиеленушілер бағдаршамның сигналдарымен және олардың маңызымен танысып, жолда қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ережелерін қайталады. Балалар бағдаршамның суретін бояп, оның түстерін дұрыс таңдап, сигналдардың реттілігін бекітті. Жұмыс барысында ұсақ қол моторикасын, зейінін, ұқыптылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытты. Іс-әрекет балалардың көшеде қауіпсіз мінез-құлық туралы түсініктерін қалыптастыруға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

Просмотров: 297


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст