«Кітап ауласы» – қызықты кітап оқу әлемі!

17.07.2026

Балабақшамызда тәрбиеленушілердің сүйікті орындарының біріне айналған «Кітап ауласы» өз жұмысын жалғастыруда. Таза ауада балалар ертегілерді, әңгімелер мен өлеңдерді қызыға тыңдап, түрлі-түсті суреттерді тамашалайды, оқылған шығармаларды талқылап, өз әсерлерімен бөліседі.
Осындай іс-шаралар балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын байытуға, байланыстырып сөйлеу дағдысын, қиялын және танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Жылы әрі жайлы атмосферада ұйымдастырылған кітап оқу балаларды кітапты сүюге, мұқият тыңдай білуге, кейіпкерлерге жанашырлық танытуға және кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Кітап – балаларға білімнің, мейірімділіктің және жаңа жаңалықтардың ғажайып әлемін ашатын сенімді дос!

Просмотров: 404


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст