Еңбек – тәрбиенің негізі

10.07.2026

Мектеп алды "Тәй-тәй тобы.Аул аймағындағы  еңбек – балалардың табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды іс-әрекет. Тәрбиешінің жетекшілігімен бүлдіршіндер гүлдерге су құйып, гүлзарларды күтіп, айналаны таза ұстауға атсалысты.
Осындай еңбек барысында балалар өсімдіктерге қамқорлық жасауды, ұқыптылық пен тазалықты сақтауды үйренеді. Бірлесіп еңбек ету арқылы ұйымшылдық, достық және табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиеттері қалыптасады.
Еңбек – тәрбиенің негізі. Табиғатты қорғап, оны көркейту – әрбір баланың кішкентай болса да үлкен игі ісі. 

Просмотров: 329


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст