Текст
Ұйымдар тізімі
07.07.2026
«Асық ату» және «Тартып алу» — ұрпақтарды біріктіретін ұлттық ойындар!
«Болашақ» мектепалды даярлық тобында қазақтың ұлттық ойындары – «Асық ату» және «Тартып алу» бойынша танымдық әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды.
Тәрбиеленушілер ойындардың ережелерімен танысып, өз күштерін сынап көрді. Балалар ойын барысында ептіліктерін, мергендіктерін, шапшаңдықтарын және топпен бірлесе әрекет ету дағдыларын көрсетті.
Мұндай ұлттық ойындар балалардың дене қасиеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысуына, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.
