Текст
Ұйымдар тізімі
03.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай тәрбиеленушілермен «Асыл қазына – домбыра» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында балалар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыраның шығу тарихымен және құрылысымен танысып, оның әсем үнін тыңдап, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүріндегі маңызы туралы мағлұмат алды.
Тәрбиеленушілер «Ақсақ құлан» мультфильмін қызығушылықпен тамашалап, домбыра өнерімен тығыз байланысты халық аңыздарының бірімен танысты.
Іс-шара балалардың ұлттық мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыруға, халық музыкасына қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.
