қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату»

02.07.2026

Ересек «Әлди» тобы балалар қазақтың ұлттық «Асық ату» ойынын қызығушылықпен ойнады. Ойын барысында олар ұлттық ойынның ережелерімен танысып, мергендіктерін, ептіліктерін, ұқыптылықтарын және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Ұлттық ойын балалардың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, көз мөлшерін, жылдам әрекет ету дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал етті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, сергектік пен жағымды әсер алды.

Просмотров: 218


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст