Текст
Ұйымдар тізімі
02.07.2026
«Зерек бала» ересек тобында қазақтың ұлттық «Асық ату» ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысып, мергендік, ептілік, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі дағдыларын дамытып, ойын ережелерін сақтауға жаттықты. Балалар ойынға зор қызығушылықпен қатысып, белсенділік, достық қарым-қатынас және бір-біріне деген құрмет көрсетті. Ұлттық ойындарды өткізу балалардың қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, сондай-ақ ұлттық мұраға қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
