Ұйымдар тізімі
01.07.2026
«Алтын бесік» бөбекжайында әдіскер Сахнова Н.А. педагогтерге арналған «Мектеп жасына дейінгі балалармен метеоалаңда бақылау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында педагогтер ауа райы құбылыстарын бақылауды тиімді ұйымдастыру әдістерімен танысып, метеоалаң жабдықтарын білім беру қызметінде қолдану жолдарын меңгерді. Сонымен қатар қарапайым серуенді қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған қызықты танымдық іс-әрекетке айналдырудың тиімді тәсілдерін талқылады. Шеберлік сабағының практикалық бөліміне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар өздерін жас зерттеушілер ретінде сынап көріп, метеорологиялық құралдармен жұмыс істеді, ауа райы жағдайын анықтады, бақылау нәтижелерін тіркеуді үйренді және мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты тануға деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарымен бөлісті. Осындай әдістемелік іс-шаралар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және балалардың қызығушылығын, бақылағыштығын әрі зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи жұмыс түрлерін білім беру үдерісіне енгізуге ықпал етеді. Өйткені бала қоршаған ортаны өз тәжірибесі мен жеке бақылаулары арқылы тереңірек танып, түсіне бастайды!
