Бүгін мектепалды «Күн сәулелері» тобында «Кішкентай түлектер – үлкен армандар» атты балабақшамен қоштасу кеші өтті.

28.05.2026

Мерекелік кеште бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі кештің сәнін келтірді.

Бұл күн — балғын бүлдіршіндердің балабақшамен қоштасып, мектепке қадам басар ерекше сәті. Тәрбиешілер мен ата-аналар бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жарқын болашақтарына сенім білдірді.

Кішкентай түлектерімізге сәттілік, үлкен армандарына жетулеріне тілектеспіз! 

Просмотров: 684


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст