Текст
Ұйымдар тізімі
26.05.2026
«Ақ бұлақ» мектепалды тобының балабақшамен қоштасу кеші жоғары деңгейде, ерекше көңіл-күймен өтті.
Бүгін біздің кішкентай түлектеріміз балалықтың бал дәуренімен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасады.
Кеш барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, жүрекке жылы әсер сыйлады. Әр бүлдіршіннің жүзінен қуаныш пен арманға толы сезім байқалды.
Осындай мәні зор мерекеде қолдау білдірген ата-аналарға және бала тәрбиесіне үлес қосқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.
Кішкентай түлектеріміздің болашағы жарқын, армандары асқақ болсын!
Сәт сапар, бүлдіршіндер!
