Текст
«Ыстық картоп» ойыны — балаларға өте ұнайтын көңілді әрі қимылды ойын.
26.05.2026
Балалар шеңбер құрып тұрады және музыка ойнап тұрған кезде бір-біріне допты тез-тез беріп отырады. Музыка тоқтаған сәтте доп қолында қалған бала ортаға шығады немесе шартты орындайды. Бұл ойын балаларға тек қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, сонымен қатар ептілікті, қозғалыс үйлесімділігін, жылдам реакция мен зейінді дамытуға, сондай-ақ командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Кіші «Айналайын» тобы.
Просмотров: 633