Текст
Бүгін «Еркемай» тобының бүлдіршіндері сурет салудың ерекше әдісімен — су құйылған пакет пен гуашь бояуы арқылы сурет салумен танысты.
19.05.2026
Ашық түстер, қолдың жеңіл қимылдары және кішкене қиял қарапайым оқу қызметін нағыз сиқырға айналдырды.
Балалар түстерді қызығушылықпен араластырып, түрлі өрнектерді бақылап, өздерінің кішкентай шедеврлерін жасады.
Дәстүрден тыс сурет салу балалардың қиялын, шығармашылығын дамытып, әр балаға қуаныш сыйлайды.
Тәрбиеші: Мамедова Э. Э.
Просмотров: 125