Ұйымдар тізімі
14.05.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайында Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза бөбекжай – таза Атбасар – таза Қазақстан» атты ауқымды шара өтті.
Іс-шара педагогтерді, тәрбиеленушілер мен ата-аналарды біріктіріп, достықтың, еңбектің және қоршаған ортаның тазалығына деген қамқорлықтың мерекесіне айналды. Акцияның салтанатты ашылуы №3 кіреберіс алаңында өтіп, қатысушыларды ұйымдастырушылар жылы қарсы алды.
Акция барысында балабақша аумағында бірнеше тақырыптық алаңдар жұмыс жасады:
– «Кітап ауласы»
– «Жас метеоролог»
– «Sport Land»
– «Акварелька»
– «Ауыл әлемі»
-«Көбелектер мекені»
Әр алаңда балалар педагогтер және ата-аналармен бірге экологиялық, шығармашылық, танымдық және ойын іс-шараларына белсене қатысты. Қатысушылар аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ойын ойнап, сурет салып, табиғатпен танысып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйренді.
Ерекше әсер сыйлаған «Ауыл әлемі» алаңы ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үй тігіліп, балалар қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетімен жақынырақ танысты.
Акция жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, бірлік пен туған жер тазалығына деген жауапкершілік сезімін сыйлады.
Іс-шара соңында ұйымдастырылған ортақ шай дастарханы ата-аналар мен педагогтердің еркін әңгімелесіп, отбасылық және достық қарым-қатынасты нығайтуына тамаша мүмкіндік болды.
