«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Преемствендік жоспарына сәйкес «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобында «Кішкентай оқушылардың үлкен жетістіктері» атты қорытынды ата-аналар жиналысы өтті.

14.05.2026

Жиналыстың басында ата-аналарды ясли-бақша меңгерушісі Толгамбаева Жанаргүл Еркенғалиқызы қарсы алып, оқу жылы барысында балалардың едәуір өсіп, көп нәрсені меңгергенін, өз бетінше әрекет етуі артқанын, достық пен жауапкершілік қасиеттері қалыптасқанын атап өтті.

Ата-аналарға құттықтау сөзбен №3 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Габбасова Айгүл Бекарстановна сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында балаларды мектепке қабылдау тәртібі, оқу мен тәрбие үдерісінің шарттары туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

Келесі сөз ясли-бақша психологы Маженова Карина Бекарстановнаға берілді. Ол «Баланың мектепке психологиялық дайындығы» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналарға маңызды кеңестер ұсынды.

Ата-аналарға арнап «Жетістіктер шеруі» атты презентация дайындалып, онда балалардың балабақшада жүрген уақыт ішінде қалыптасқан шығармашылық қабілеттері мен жетістіктері көрсетілді.

Соңында ата-аналарға қолдау көрсетіп, балабақша өміріне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Жиналыстың қорытынды бөлімінде тәрбиеші балаларға мектепте табысты оқу, жаңа жетістіктер мен өз күшіне сенімді болуды тілеп, ал ата-аналарға шыдамдылық, өзара түсіністік және балаларының жетістіктеріне қуана білуге тілектестік білдірді.

Просмотров: 24


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст