Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес мектепалды «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері №3 мектепке экскурсия жасады.

12.05.2026

Экскурсия барысында балалар мектеп ғимаратын аралап, оқу кабинеттерімен, кітапханамен, спорт залымен, асханамен және акт залымен танысты. Өте қызықты әрі танымдық экскурсияны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Габбасова Айгүл Бекарстановна өткізді.

Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектептегі тәртіп ережелері, оқу құралдары және оқушының күн тәртібі туралы айтылды. Балалар парталарға отырып көріп, оқулықтар мен дәптерлерді қарап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Просмотров: 196


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст