Текст
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Зерек бала» ортаңғы тобында «Бір шаңырақ астында» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.
29.04.2026
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар 1 мамыр — халықтар достығы мен бірлігі күнімен танысып, елімізде әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен татулықта, сыйластықта өмір сүретінін білді.
Балалардың ерекше қызығушылығын орыс халқының «Ручеёк» ұлттық ойыны тудырды. Ойын арқылы балалар әртүрлі халықтардың мәдениетімен танысып, достыққа, бірлікке және өзара түсіністікке тәрбиеленді.
Тақырыптық іс-әрекет жарқын, қызықты өтіп, балаларға көп қуаныш, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!
Достық, бірлік пен бейбітшілік әрқашан ортақ шаңырағымыздың астында болсын!
Просмотров: 93