2026 жылдың 28 сәуірінде Атбасар ауданы педагогтарының озық тәжірибесін Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының педагогтарына тарату мақсатында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған вебинар өтті.

29.04.2026

Бөбекжайымыздың тәрбиешісі Откульбаева Салима Мухтаровна «5–6 жастағы балаларға арналған “Ойланайық” авторлық бағдарламасы бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау» тақырыбында онлайн вебинарға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар барысында мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуда заманауи ойын технологиялары мен инновациялық әдістемелерді қолдану тәжірибесі таныстырылды.
Аталған шара педагогтер арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, тиімді педагогикалық тәжірибелерді талқылауға және авторлық идеяларды кеңінен таратуға мүмкіндік берді.
Вебинарды ұйымдастырып, педагогтерге қолдау көрсеткені үшін РМК меңгерушісі Нурмагамбетова К.К.-ға алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 93


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст