Текст
Ұйымдар тізімі
24.04.2026
Таңертең балаларды жылы қарсы алып, жаттығумен бастаймыз. Одан кейін балаларды сөйлеуді дамыту, математика, шығармашылық және қоршаған ортамен танысу бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері күтеді.
Серуен кезінде балалар ойнап, табиғатты бақылап, бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Түскі астан кейін демалыс уақыты, ал күннің екінші жартысында ойындар, шығармашылық жұмыстар және жеке жұмыс жүргізіледі.
Біз әр күннің қуанышты, танымдық өтіп, балалардың мектепке сенімді дайындалуына ықпал етуіне тырысамыз.
