Текст
Ұйымдар тізімі
22.04.2026
Сабақ барысында балалар музыкалық шығармаларды тыңдап, жаңбырдың сипатын қимыл-қозғалыс арқылы және музыкалық аспаптарда ойнау арқылы жеткізді. Балалардың ырғақ сезімі мен есту қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар тәрбиеленушілер шығармашылық әрекетке қатысып, жаңбыр тамшыларын сурет салу арқылы бейнелеп, өз көңіл-күйлері мен әсерлерін көрсетті.
Оқу қызметі ойын түрінде ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етті.
