Мектепалды "Ақ бұлақ" тобында веналық вафли дайындау қызықты әрі дәмді іс-шара өтті.

17.04.2026

 Балалар аспаздық процеске үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерін кішкентай аспаздар сияқты сезінді.
Сабақ барысында балалар қарапайым ингредиенттермен танысып, қамырдың қалай дайындалатынын білді. Олар өнімдерді өлшеп, қамырды араластырып, вафли пісіру үдерісін қызыға тамашалады. Әсіресе, вафельницадан хош иісті, әдемі қызарған вафлидің дайын болған сәті балаларға ерекше әсер сыйлады.
Мұндай іс-шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың ұсақ моторикасын, дербестігін, зейінін дамытып, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, балалар ас үйдегі қауіпсіздік пен тазалық ережелерін сақтауды үйренеді.
Сабақ соңында барлығы өз қолдарымен дайындаған дәмді вафлилерден ауыз тиді. Вафлилер өте дәмді болды, ең бастысы — махаббатпен дайындалды!

Просмотров: 193


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст