Ұйымдар тізімі
07.04.2026
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Алтын бесік" бөбекжайы " МКҚК. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: қызмет алушыға тікелей қолжетімділік қағаз құжаттары нұсқасында.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №523 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерлерін, көздерін, түрлерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Тамақтану шығындарының өтемақысымен қамтамасыз етіледі:
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-мүгедектігі бар балалар;
-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар.
