«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап – менің қазынам»

27.03.2026

«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру жоспары аясында «Жұлдыз» мектепалды тобында «Кітап – менің қазынам» акциясы өтті.

Балалар «Айналайын» кіші тобына қонаққа барып, «фартук театры» арқылы «Теремок» ертегісін көрсетті. Одан кейін өз қолдарымен әртүрлі тақырыпта жасаған кітапшаларды бүлдіршіндерге сыйға тартты.

Кішкентайлар ертегіні үлкен қызығушылықпен тамашалап, сыйлықтарға қатты қуанды. Ал мектепалды топ тәрбиеленушілері бұл іс-шараға қатысқандарына ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст