Ұйымдар тізімі
26.03.2026
Осы мақсатта ұйымдастырылған «Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіруші мамандығы» тақырыбындағы танымдық іс-шара барысында тәрбиеленушілер өрттің пайда болу себептерімен, оның алдын алу жолдарымен танысты.
Іс-әрекет барысында балаларға өрт кезінде өзін дұрыс ұстау, үлкендерге хабар беру, қауіпті жағдайдан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, балалар «өрт сөндіруші» мамандығының маңыздылығы, олардың батылдығы мен жауапкершілігі туралы білді. Қызықты ойындар мен көрнекі материалдар арқылы балалар өрт сөндірушілердің арнайы киімдері мен құрал-жабдықтарымен танысты.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттарды талқылады. Мұндай танымдық жұмыстар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
