Текст
Наурыз мейрамына орай Жаңару күні мерекесінде «Ақ бота» ортаңғы тобының балалары ерекше іс-шара өткізді.
17.03.2026
Балаларымыз «Эко Бақ»жылыжайында және топтағы өздері отырғызған гүлдер мен өсімдіктерді суарып, күтіп-баптау жұмыстарын жасады. Табиғатты аялауға, еңбекті қадірлеуге үйренген бүлдіршіндеріміз үлкен қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, өз қолдарымен отырғызған көк жуаны жинап, балабақшамыздың асханасына апарып берді. Бұл – еңбектің нәтижесін көріп, қуанышпен бөліскен ерекше сәт болды.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Просмотров: 366