Ұйымдар тізімі
13.03.2026
Іс-шараның мақсаты – балаларға қаржылық сауаттылық туралы бастапқы түсініктер қалыптастыру, адалдыққа, жауапкершілікке және сатып алу мәдениетіне тәрбиелеу.
Ойын барысында балалар дүкен жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Импровизацияланған дүкенде ойыншық тауарлар, баға белгілері және ойын ақшалары ұсынылды. Балалар тауар таңдауды, сатып алған затына төлем жасауды, ақшаны санауды және дүкенде сыпайы қарым-қатынас жасауды үйренді.
Сонымен қатар адалдық ұғымына ерекше назар аударылды. Балалар тауар үшін төлем жасаудың, артық зат алмаудың және адал сатып алушы болудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, бір-бірімен қарым-қатынас жасап, келісімге келуді және ережелерді сақтауды үйренді.
Балалар банкоматпен де танысып, оны пайдалану тәртібін бекітті.
Өткізілген ойын балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, қарапайым математикалық білімдерін жетілдіруге және мектеп жасына дейінгі балаларда қаржылық мәдениеттің негіздерін қалыптастыруға ықпал етті. Балалар жағымды эмоциялар алып, қоғамдағы адал әрі жауапты мінез-құлық туралы білімдерін бекітті.
