Текст
Ұйымдар тізімі
26.02.2026
Осы жоба жоспары бойынша 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “Әжелер мектебі” жұмыс жоспары бойынша «Ақ бота» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері әжелерімен бірге балабақшамыздың «Эко Бақ» жылыжайында гүл отырғызу іс-шарасын өткізді.
Шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Әжелеріміз немерелеріне гүл отырғызудың қыр-сырын үйретіп, мейірім мен қамқорлықтың үлгісін көрсетті.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы балалар табиғатты аялауды, үлкенді құрметтеуді және бірлесіп еңбек етудің маңызын терең түсінеді.
