2026 жылғы 18 ақпанда мен тыңдаушы ретінде V Халықаралық педагогикалық форумға — «Мектеп – Колледж – Университет: AI дәуіріндегі серіктестік және инклюзивті даму» — қатысу бақытына ие болдым. Аталған форум Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті базасында ұйымдастырылды.

20.02.2026 Пленарлық отырыс барысында инклюзивті білім беруді дамытудың аса маңызды мәселелері қарастырылды: ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолжетімді білім беру ортасын құру, баланың үйлесімді дамуына отбасы мен қоғамның рөлі, түлектерді жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ білім алушыларды сүйемелдеудің заманауи тәсілдері. Отандық және шетелдік сарапшылардың жасанды интеллект дәуіріндегі инклюзивті білім берудің келешегі, дислексияны диагностикалау және білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Форумға қатысу кәсіби білімімді кеңейтуге, өзекті зерттеулермен танысуға және әрбір баланың өз әлеуетін толық іске асыра алатын жағдайларды жасау үшін педагогтар, ата-аналар мен мамандардың бірлескен жұмысының маңыздылығына тағы бір мәрте көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Просмотров: 471


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст