«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын бесік» бөбекжайында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

12.02.2026

Кездесу аясында ата-аналар алдында денсаулық сақтау саласының мамандары сөз сөйледі: АРУСЭК санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Жәбикеева А. С., жетекші маман Дюселекова Б. К., сондай-ақ педиатр Сыздықова Д. Б.
Сөз сөйлеу барысында қызылшаның алдын алу, уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығы және балалар арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу шаралары туралы мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Мамандар қызылшаның белгілері, мүмкін болатын асқынулары туралы айтып, балалардың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы ретінде екпенің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар жиналыста бөбекжай меңгерушісі Толгамбаева Жанаргуль Еркеновна сөз сөйлеп, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтану шығындарын өтеу туралы ақпарат ұсынды. Аталған мәселе Ақмола облысы әкімінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына сәйкес түсіндірілді.
Жиналыс ашық диалог форматында өтті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауаптар алды.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст