«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ортаңғы «Әлди» тобында кіріктірілген оқу іс-әрекеті (жапсыру және сурет салу) «Гүл шоғы» тақырыбында өтті.

11.02.2026

Сабақтың мақсаты — мақта дискілерін пайдалану арқылы жапсыру мен сурет салу элементтерін біріктіре отырып, «Гүл шоғы» композициясын жасау және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-әрекет барысында балалар бірнеше элементтен тұратын композиция құрастыруды үйренді, дәстүрден тыс материал — мақта дискілерімен жұмыс істеу дағдыларын бекітті және бөлшектерді ұқыпты жапсыруға машықтанды.

Сабақ ұсақ моториканы, түсті, пішінді және композицияны сезіну қабілетін, шығармашылық қиял мен эстетикалық талғамды, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар балаларды ұқыптылыққа, дербестікке, материалдарға жауапкершілікпен қарауға және бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу көзделді.

Іс-әрекет шығармашылық әрі жағымды атмосферада өтті.

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст