«Адал Азамат» жас аналар мектебі аясында мектепалды «Ақ бұлақ» тобының тәрбиеленушілерімен мазмұнды кездесу өтті.

06.02.2026

Іс-шара барысында тәрбиеленуші Хуанган Аминаның анасы балаларға тәрбиелік мәні зор ертегі оқып берді. Ертегі арқылы балалардың қиялы дамып, тыңдау мәдениеті қалыптасты, жақсы мен жаманды ажыратуға, мейірімділік пен адамгершілікке баулынды.
Мұндай кездесулер бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық тәрбие мен балабақша ынтымақтастығын арттырады.
Іс-шараға белсенді қатысып, балаларға жылы көңіл сыйлаған ата-анаға алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 214


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст