Оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, біздің бөбекжайымызда «Хорлар айтысы» фестивалі жоғары деңгейде және үлкен табыспен өтті.

03.02.2026

Фестивальге барлық жас топтары қатысып, әрбір ұжым көрермендерге жарқын эмоция, шынайы күлкі мен нағыз музыкалық көңіл күй сыйлады. Қатысушылар өздерінің тамаша ән айту шеберлігін, сахналық өнерін және ұйымшылдық рухын көрсете білді.
Құрметті қазылар алқасының құрамына, төрайымы — бөбекжай меңгерушісі Толгамбаева Жанаргуль Еркеновнаның жетекшілігімен, педагогикалық еңбек ардагерлері Вербицкая Людмила Борисовна мен Миронова Светлана Ивановна, сондай-ақ бөбекжай педагогтары Сазанова Балым Сериковна мен Коншина Нина Леонидовна кірді. Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ — барлық өнер көрсетулер жоғары деңгейде өтті.
Фестиваль бөбекжайымыздың Instagram парақшасында тікелей эфирде ұйымдастырылып, 100-ден астам көрермен онлайн тамашалады. Бізбен бірге болған барлық көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз!
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын — «Қарлығаш» және «Жұлдыз» топтары
🥈 2-орын — «Күн сәулелері» және «Ақ бұлақ» топтары
🥉 3-орын — «Әлди» және «Інжу» топтары
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және белсенді қатысқандары мен қолдау көрсеткендері үшін педагогтарға, балаларға және ата-аналарға зор алғыс білдіреміз!

Просмотров: 255

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст