Текст
Ұйымдар тізімі
23.01.2026
«Балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы аясында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Аталған бастама балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, тұрмыстық-еңбек дағдыларын ерте жастан қалыптастыруға бағытталған. Мектепалды «Ақ бұлақ» топ балалары аспаздық өнерімен танысып, тағам дайындаудың қарапайым кезеңдері туралы түсінік алды. Тәтті тоқаш жасауға қажетті өнімдермен танысып, олардың атауын және пайдасын білді.
Балалар ересектердің көмегімен ингредиенттерді араластырып,тәтті тоқаш дайындау процесіне белсене қатысты. Бұл кезеңде балалардың тазалыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тағамға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа және өзара көмектесу дағдылары қалыптасты.