Текст
«Болашақ» ересек тобында бөлме өсімдіктеріне дұрыс күтім жасау туралы балалардың білімін нақтылау және кеңейтуге бағытталған экологиялық оқу іс-әрекеті өтті.
15.01.2026
Балалар өсімдіктерді таза ұстау жолдарын еске түсіріп, жапырақтарының сыртқы көрінісі мен құрылымына қарай шаңды тазалаудың тиімді тәсілін таңдауды үйренді. Сондай-ақ бөлме өсімдіктерінің ауаны тазартуда және бөлмеде сау атмосфера қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы әңгімелестік.
Балалар өсімдіктерге үлкен қызығушылықпен және қуанышпен күтім жасап, қамқорлық пен жауапкершілік танытты. Мұндай іс-әрекеттер балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасын дамытады.
Просмотров: 263